in

«1 медаль = 1 машина»: Әбиба Әбужақынова қуанышты жаңалығын жеткізді

Жақында дзюдодан Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма «Jenys» клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде, клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және «Jenys» клубына ризашылығымды білдіремін», – деп жазды дзюдошы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.