Асылжан Есенгелді (61 кг) 2025 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалында жарыстан шығып қалды.
Қазақстандық балуан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем жеңімпазы (2018, 2019) ресейлік Заур Угуевпен белдесті.
Қарсылас мықтылығын танытып, жекпе-жек 13:2 есебімен Угуевтің пайдасына аяқталды.