in

«150 миллион еуро»: «Ливерпуль» тарихындағы рекордтық трансфер

Англияның “Ливерпуль” клубы Германия құрамасы мен “Байер” командасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирцті ресми түрде қатарға қосты.

Футбол инсайдері Фабрицио Романоның мәліметінше, трансфер құны бонустарды қосқанда 150 миллион еуроны құрайды. Бұл қаражат “Ливерпуль” тарихындағы ең қымбат трансфер болып отыр және Англия футболындағы рекордтық келісім саналады.

“Мен мұнда көңіл көтеруге емес, бәрін жеңу үшін келдім. Жыл сайын бәрін жеңгім келеді. Алдымен әрқайсымыз өз жұмысымызды атқаруымыз керек,” – деді футболшы.