in

28 шілде-3 тамыз аралығындағы спорттық жарыс кестесі жарияланды

Туризм және спорт министрлігі 28 шілде-3 тамыз аралығында өтетін жарыс кестесін жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

28 шілде-3 тамыз: Әйелдер (юниорлар, қыздар) және еркін күрестен (юниорлар, жасөспірімдер) әлем чемпионаты. Бозкілемде отандық 19 балуан белдеседі. Өтетін орны: Афина қаласы, Грекия 

29 шілде-2 тамыз: Пара таэквондодан Азия чемпионаты. Жарысқа 6 спортшымыз қатысады. Өтетін орны: Кучинг қаласы, Малайзия 

29 шілде: УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі. «Қайрат» – КуПС (Финляндия) Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион 

31 шілде: УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі. «Зимбру» (Молдова)-«Астана» Өтетін орны: Кишинев қаласы, Молдова 

31 шілде: УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі. «Спарта Прага» (Чехия)-«Ақтөбе» Өтетін орны: Прага қаласы, Чехия

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.