Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қабыланбек Кемелбек каратэден халықаралық деңгейдегі жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Ол ел қоржынына алтын жүлде салған, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған astana24.com.
2026 жылғы 7-15 сәуір аралығында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында каратэден "Grand Prix Azerbaijan" халықаралық турнирі өтті. Ауқымды спорттық дода "Серхедчи" спорт орталығында ұйымдастырылып, оған 15 мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты.
"Тартысты бәсекеде Қабыланбек Кемелбек 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иеленді.
Бұл жеңіс – қызмет пен спортты қатар алып жүрген полицейдің кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындығының айқын дәлелі.
Қызылорда облысы Полиция департаменті әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейді", – делінген хабарламада.
