«Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Португалияның «Спортингінен» 2:7 есебімен ойсырай жеңілді. Алматылықтар сапынан Кевин Арьетта мен Даурен Тұрсағұлов бір-бір голдан соқты.
«Семей» клубы да сәтсіздікке ұшырады: 3:0 есебімен алға шыққанымен, француздық «Этуальдан» 3:4 нәтижесімен ұтылды. Қазақстандық команданың голдарын Дедезиньо (екі рет) мен Бруно Гомес соқты.
