in

UFC турнирі Ақ үй алдында өтеді

Ұйым тарихындағы ең ірі турнир АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Вашингтондағы Ақ үй алдындағы жасыл алаңда өтетін болды.

“Мен үшін бүгін ерекше күн болды. Вашингтоннан жаңа ғана ұшып бара жатырмын. Ақ үйде ресми кездесу өткіздік. Барлығы мінсіз өтті. Бұл шынымен де керемет шоу болмақ. Турнир өтетініне ресми түрде келісім алдық. Алдағы апталарда толық ақпарат жарияланады”, – деді UFC басшысы Дана Уайт әлеуметтік желіге жүктеген видеосында.

Бұған дейін турнирді ұйымдастыруда бірнеше күмән тудырған болатын. Олар:

Дана Уайттың айтуынша, турнир жоспарға сәйкес 2026 жылдың 4 шілдесінде өтеді және ол UFC тарихындағы ең есте қаларлық оқиғалардың бірі болмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.