in

Аида Әбікеева Әлем біріншілігінің финалына шықты

Аида Әбікеева (65 кг) – ӘЧ-2025 финалына шыққан алғашқы қазақстандық. Жартылай финалда қазақстандық боксшы ирландиялық Грейнн Мэри Уолшты 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Аида Әбікеева биыл наурызда IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында 63 келі салмақта алтын жүлдеге ие болған еді.

Финалда ол Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидовамен кездеседі. Хамидова жартылай финалда Қытай Тайбэйінен келген Ниен-Чин Ченді 3:2 есебімен әрең жеңді. Финал 14 қыркүйекте кешкі сессияда өтеді.