Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз жартылай финалда әлемдік рейтингте 196-сатыда тұрған қытайлық У Ибинді қапы қалдырды. Екі сет те 6:3 есебімен аяқталды. Бублик финалда әлемнің 88-ракеткасы, франциялық Валентен Руаемен чемпион атағын сарапқа салады. Былтыр Ханчжоуда хорватиялық Марин Чилич жеңімпаз атанған.
Айбике ЖАНАСЫЛ