Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған Ербол Хамитовті құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында спортшыны жеңісімен құттықтап, тілегін жеткізді.
«Ербол алтын жүлдеңмен құттықтаймын!» – деді Михаил Шайдоров.
Айта кетейік, Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
