in

Амир Омарханов Уимблдондағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Амир Омарханов Уимблдондағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Плешивцевпен бірге алғашқы айналымда америкалық Матис Фарзам мен Гейвин Гуудты 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Ал Анна Данилина мен Харри Хелиёваара Уимблдондағы микст сынында алғашқы айналымнан аса алмады. Теннис федерациясы мәліметінше, олар Вербек / Синякова дуэтіне 2:6, 7:6, 1:6 есебімен есе жіберді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.