Астанада 24 қаңтар күні жаппай шаңғы жарыстары ұйымдастырылады. Іс-шара Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында сағат 10:00-де басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спорттық мереке аясында армрестлинг, гір тасын көтеру, арқан тарту және белдесу күресі бойынша жарыстар өтеді.
Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол қыздар, ұлдар, ерлер мен әйелдер арасында 16 жас санаты бойынша ұйымдастырылады.
Қашықтықтар 500 метр, 1 және 2,5 шақырымды құрайды. Тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыс түріне қатысу тегін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
