in

Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аянат Жұмағали елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Аянат қоссайыстың қорытындысы бойынша 217 (95+122) келіні көтеріп, жастар арасындағы бәсекеде қола жүлдеге ие болды.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Хисо Джун жеңіп алды. Оның нәтижесі – 230 (102+128) келі. Ал, екінші орынды өзбекстандық Гульшодахон Дадамирзаева иеленді – 218 (96+122) келі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.