in

Бокстан Азия чемпионаты: аса ауыр салмақта 4 қазақ жігіті бақ сынап жатыр

Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында аса ауыр салмақта бақ сынап жатқан 9 боксшының төртеуі қазақ жігіттері, деп хабарлайды Sportbugin.kz порталына сілтеме жасаған astana24.com.

Басылымның жазуынша, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионы Айбек Оралбайдан бөлек, Өзбекстан сапында Арман Маханов, Қытай атынан этникалық қазақ Данабек Байқоныс өнер көрсетуде.

Ал жарыс қожайындары – Моңғолия намысын Бекнұр Қали қорғап жатыр.

"Бұл – аса ауыр салмақта қазақ боксшыларының деңгейі жоғары екенін көрсететін айқын дәлел. Бір салмақта бірден бірнеше қандасымыздың жүлдеге таласуы – жанкүйерлер үшін де үлкен қуаныш", – деп жазады басылым.

Айта кетейік, 30 наурызда басталған Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.

Бұған дейін жарысқа қатысатын қазақ боксшылары туралы жазған едік.