Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Ұлжан Сәрсенбек Моңғолияда өтіп жатқан құрлық чемпионатының ширек финалдық кездесуінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды astana24.com.
57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалға шығу үшін Таиланд өкілі Пунраве Руэнроспен жекпе-жек өткізді.
Кездесу төрешілердің бірауыздан шешімімен 0:5 есебімен таиландтық боксшының пайдасына шешілді.
Осылайша, қазақ боксшысы Азия чемпионатындағы өнер көрсетуін аяқтады.
Бұған дейін әйелдер құрамасынан Лаура Есенкелді, Римма Волосенко, Жазира Орақбаева және Элина Базарова жарыс жолын аяқтаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионаты World Boxing халықаралық федерациясының қолдауымен өтіп жатыр және 11 сәуірге дейін жалғасады.
