Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған astana24.com.
70 келіде сынға түскен Төрехан Сабырхан шешуші кезеңде Иордания өкілі Зейад Ишаишпен қолғап түйістірген.
"Шиеленісті өткен айқастың тағдыры шешуші раундта шешіліп, 5:0 есебімен Зейад Ишаиш жеңімпаз деп танылды", – делінген хабарламада.
Осылайша, Төрехан Сабырхан күміс медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов 60 келіде Азия чемпионы атанғанын жазған едік.
