Дина Исламбекова бокстан аса ауыр салмақта Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған astana24.com.
Ұлан-Батырда өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесінде Дина Исламбекова (+80 келі) Үндістан өкілі Алфия Пазанмен жұдырықтасқан.
Дина алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болған.
"Қалған уақытта да Динаның өзінің жеңісіне күмән тудырмады. Қорытынды есеп: 5:0", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді ел қоржынына 80 келіде сынға түскен Надежда Рябец салды.
Сондай-ақ бүгін финалда өнер көрсеткен әйелдер құрамасының тағы бір өкілі – Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
