Вьетнамның Ханой қаласында әйелдер құрамалары арасындағы Орталық Азия Ұлттар лигасының үшінші кезең матчтары өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы Индонезияны 3:0 (25:17, 25:12, 26:24) есебімен сенімді түрде жеңді.
Ұлттық құраманың еншісінде қазір үш матчта үш жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандықтар Жаңа Зеландия мен Моңғолиядан басым түскен еді.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен B тобында көш бастап тұр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.