in

Дзюдодан Қытайдағы Гран-приге Қазақстаннан кім қатысатыны анықталды

Жуырда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған. ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы сынға түседі. 

Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды. Халықаралық федерацияның мәліметіне сәйкес, құрамға енген спортшылар төмендегідей:

60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Даурен Сүйеукенов

66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа

73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы

81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.