Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов шетелде ота жасатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Дзюдошының өзі жариялаған фотосына қарап иығына ота жасалғанын байқауға болады.
«Rio 2016, Tokyo 2020, Paris 2024 медальдарының жұрт білмейтін екінші тұсы. Ал 2028 күт бізді. Біз тарих жасауға барамыз», – деп жазды Елдос Сметов.
Бұған дейін Париж Олимпиадасынан кейін Елдос Сметов жұбайын ертіп, Лондонға уақытша көшіп кеткені хабарланған еді.