Загребте (Хорватия) еркін күрестен әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Төрт қазақстандық балуанның үшеуі алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті.
70 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов 1/8 финалда америкалық Питер Дюкті ұтты.
61 келіге дейінгі салмақта Асылжан Есенгелді Нильс Леутертті (Швейцария) жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы – аустралиялық Георгий Окороков.
86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда литвалық Паулис Лескаускасты ұтып, 1/8 финалда Беларусь балуаны Магамедхабиб Кажымагомедовпен кездеседі.
Ал 125 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали болгариялық Ален Хубуловтан жеңіліп қалды.