in

Ислам Сәтпаев 2 дүркін Азия чемпионы атанды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында топ жарды , – деп хабарлайды  Aikyn.kz.  

 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, о л пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атудың финалында 250.1 ұпай жинады.

Финал нәтижесі:

1. Ислам Сәтпаев (250.1)

2. Лу Дингке (Қытай, 249.8 ұпай)

3. Пак Хаджун (Оңтүстік Корея 228.7 балл)

 

Айта кетейік, Ислам осыған дейін 2021 жылы дәл осы Шымкентте өткен сары құрлық чемпионатында чемпион атанған.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.