Шотландияның «Хартс» клубының скауттары ұлттық құраманың алдағы матчтарында қазақстандық футболшылар – Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебектің ойынын бақылауға келеді. Бұл туралы Offside.kz порталы хабарлады.
Клуб өкілдері бұл ойыншыларды әлемдік деңгейдегі қарсыластарға қарсы ресми матчтарда сынап көруді маңызды деп санайды.
Али Алиев шәкірттері алдағы екі ойында аталған футболшыларға үміт артады:
Бұл кездесулер 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Айта кетейік, маусымның алғашқы төрт турында жақсы нәтиже көрсеткен «Хартс» Шотландия Премьер-лигасының көшін бастап тұр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.