2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Испанияға қарсы өткізген Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья бір-ақ күнде әлемге танылды, деп хабарлайды astana24.com.
Н тобының алғашқы турында Кабо-Верде құрамасы Еуропаның қазіргі чемпионы Испаниямен 0:0 есебімен тең ойнады. Африкадағы шағын мемлекет саналатын елдің 40 жастағы қақпашысы Возинья Испаниямен ойында жеті қауіпті соққыны қайтарып, матч қаһарманы атанды.
Матчқа дейін оның Instagram желіcіндегі оқырман саны 50 мың адам болған. Ойын аяқталғаннан кейін қақпашының желідегі парақшасына жазылушылар саны 1 млн-нан асып түсті және оқырманы әлі көбейіп жатыр. Қазір 6,4 млн адам жазылған.
Айта кетейік, қақпашының желідегі парақшасында оқырман саны Кабо-Верде халқының санынан бірнеше есе көп. Ресми деректер бойынша арал мемлекетінде 525 мыңға жуық қана адам тұрады.
Матчтан кейінгі Возинья журналистерге сұқбат берді. Сол кезде тілшілер футболшыға жазылушылар санын көрсетті. Қақпашы өз көзіне сене алмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 433 (@433)
Бұл ақылға сыймайтын нәрсе", – деді ол.
Сондай-ақ қақпашы матчтан кейін көзіне не үшін жас алғанын түсіндірді.
"Мен ата-әжемнің қолында өстім. Өкінішке қарай қазір олар бұл өмірде жоқ, бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Олар менің өмірімнің мәні болды. Олар маған бәрін берді. Ал анам чемпионатқа визасы болмағаны үшін келе алмады. Дер кезінде визаға төлейтін ақшамыз болмады. Әйтпесе анам осында жүрсе деп едім. Бірақ мен қуаныштымын, Кабо-Верде халқы үшін қуаныштымын", – деді қақпашы.
Айта кетейік, Возиньяның шын есімі – Жозимар Диас. Ол қазіргі таңда Португалияның екінші дивизионында өнер көрсететін "Шавиш" клубында ойнайды.
