2025 жылғы Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) финалында испаниялық Карлос Алькарас италиялық Янник Синнерді бес сетке созылған тартысты кездесуде жеңіп, турнир чемпионы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Ойынның есептік көрсеткіші – 4:6, 6:7, 6:4, 7:6, 7:6. Алькарас алғашқы екі сетте жеңіліп жатқанына қарамастан, кері оралып, үш сет қатарынан өз пайдасына шешті. Төртінші сетте ол 3:5, 0:40 есебімен артта тұрса да, үш матчболды қайтарып, матчты жалғастырды.
Кездесу 5 сағат 30 минутқа созылып, Ролан Гаррос финалдарының тарихындағы ең ұзақ матч ретінде тіркелді.
Осы жеңісі арқылы Карлос Алькарас өткен жылғы атағын сәтті қорғап, өзінің мансабындағы бесінші «Үлкен дулыға» (Grand Slam) титулына қол жеткізді.
ATP рейтингі бойынша Янник Синнер мен Карлос Алькарас алғашқы екі орынды сақтап қалды. Алькарас Синнерден енді 2000 рейтинг ұпайына ғана қалып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз