Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Эйндховендегі EBC халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде ұтылды.
55 келі салмақта алтын медальға басты үміткер 2024 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жеңімпазы украиналық Максим Зуменкодан жеңілді.
Еске салайық, Сабырхан әлем чемпионы (2023) және Азия чемпионы (2024).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.