in

Месси тарихи рекорд орнатуы мүмкін: футболдан 22 маусымдағы ӘЧ кестесі

Дүйсенбі, 22 маусымда Аргентина құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы екінші матчын өткізеді. astana24.com назарларыңызға ойындар кестесін ұсынады.

Таңғы сессияда G және H топтарының матчтары өтеді. Кешке J тобының уақытша көшбасшылары Аргентина мен Австрия кездеседі.

Бұл кездесуде Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихында ең көп гол соққан жалғыз футболшы атануы мүмкін. Бірінші турдағы хет-триктен кейін ол неміс футболшысы Мирослав Клоземен көшбасшылықты бөлісіп тұр. Олардың әрқайсысы әлем біріншіліктерінде 16 гол соққан.

Қазақстан уақыты бойынша 22 маусымға арналған матч кестесі:

Бұл матчтың барлығын "Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.