in

Нариман Құрбанов әлемдегі ең күрделі комбинацияны орындады

Ел қоржынында жеті медаль бар . Оның үшеуі алтын.  Әсіресе ересектер арасында Нариман Құрбанов ең үздік нәтиже тіркеді. Ол ат снарядындағы жаттығуда әлемдегі ең күрделі комбинацияны орындап, 14.933 ұпай жинады. Осылайша Нариман өзінің кәсіпқой мансабында үшінші рет Азия чемпионы атанып отыр.

Бұған қоса жасөспірімдер арасында Роман Хегай ат снарядында, ал Нұртаң Ыдырысов сырық дисциплинасында алтын жүлдеге қол созды. Күміс жүлдеге Милад Карими мен Нұртаң Ыдырыс қол жеткізді.

Ал командалық көпсайыста қос қола жеңіп алдық. Яғни Қазақстан ересектер және жасөспірімдер құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Енді бірер күннен кейін дәл осы Чечхон қаласындағы әйелдер арасындағы бәсекелер басталады. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.