in

«Реал Мадрид» футболшылары Қазақстанға келіп, кішкентай баланың арманын орындады (видео)

Реал» командасының ойыншылары Алматыда Санжар есімді мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Футболшылар Алматыда жаттығу алдында арбада отырған бүлдіршінге қолтаңба беріп, бірге суретке түсті. 

Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев Instagram парақшасында жариялады.

«Бүгін мен өзінің сүйікті командасын, әсіресе Килиан Мбаппені көруді көптен бері армандаған Санжарды Реал Мадрид жаттығуына шақырдым. Санжар өзінің кумирімен кездесіп қана қоймай, бүкіл командамен көрісті: ойыншылар оны жылы қарсы алып, суретке түсіп, қолтаңба берді. Бала үшін бұл өмірінің соңына дейін есте қалатын сәт болады. «Қайратта» біз спорттың барлығына қолжетімді болуы үшін жүйелі жұмыс жүргіземіз. Әріптестеріміздің арқасында алдағы матчта жанкүйерлермен бірге трибунада пара-спортшылар мен ерекше қажеттіліктері бар қоғамдастықтың өкілдері болады. Футбол және маңызды оқиғалар баршаға ашық болуы керек. Бұл біздің миссиямыздың бір бөлігі және біз спорт арқылы ешкім өзін тыс қалдырмайтын кеңістік жасай алатынымызға қуаныштымыз», – дейді Қайрат Боранбаев.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Kairat Boranbayev (@kairat4)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.