in

"Саудаласамын": Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жектен қанша ақша табатынын ашық айтты

ММА файтері, кәсіпқой боксшы, актер әрі каскадер Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жектен қанша ақша табатынын айтты. Бұл туралы ол Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында баяндады, деп жазады astana24.com.

Сұхбат барысында Еркебұлан Тоқтар үш айда, кейде тіпті бір-екі айда бір рет жекпе-жекке шығатынын айтты.

Айтуынша, ол әр жекпе-жектен соң шетелге барып, бір аптадай уақыт демалады. Бұл "қалпыма келуім үшін жеткілікті уақыт", – дейді спортшы.

Сонымен бірге ол шаршы алаңға шыққаны үшін қанша табыс табатынын айтты.

"Бір жекпе-жектен 50 млн теңгеден жоғары табыс табамын. Кейде 30-40 млн теңгеден басталады. Саудаласамын. Қымбаттау шығар, бірақ менің бағам осы. Бірақ сол ақшаны ақтаймын. Әр теңгенің құны ақталады", – деді ол.

Еске салсақ, кеше қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек (ММА) шебері Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді. Ол жекпе-жек кезінде өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді.