Бокстан әлем чемпионы атанған ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырханға көлік сыйға тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы боксшы Махмұд Сабырхан Instagram желісіндегі сторисінде жариялады. Інісі Төрехан екеуіне Шымкент қаласы әкімдігі автокөлік сыйға тартқан.
Айта кетейік, жақында Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында ағайындылардың бірі 55 келі, екіншісі 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ел қоржынын алтынмен толтырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.