Украиналық кәсіпқой боксшы Александр Усик нидерландиялық Рико Верхувенді жеңіп, чемпиондық титулдарын қорғап қалды, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Ауыр салмақтағы (90,7 килограмнан жоғары) боксшылар арасындағы жекпе-жек Гизадағы Мысыр пирамидаларының жанында орналасқан аренада өтті.
Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. 11-раундтың соңында украиналық боксшы Верхувенді нокдаунға түсірді. Верхувен жекпе-жекті жалғастыра алды, бірақ Усик бірнеше рет соққылар сериясын жасады. Рефери дәл гонг соғылған кезде жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутты тіркеді.
39 жастағы Усик ауыр салмақта WBC, WBA және The Ring титулдарын қорғады. Сондай-ақ ол IBF белбеуінің иегері. Кәсіпқой бокста украиналық спортшы 25 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетті (16-сы нокаутпен).
Верхувен кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізді. Ол 2014 жылы дебют жасап, нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 37 жастағы нидерландиялық спортшы — титулдық кикбоксшы әрі ірі Glory промоушенінің чемпионы.
DAZN сервисінің желі парақшаларында жекпе-жектің аяқталар сәтінен видео жарияланды.
ABSOLUTE CHAOS USYK STOPS RICO!!!#UsykRico pic.twitter.com/3OHnaXPUv5— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) May 24, 2026
