Килиан Мбаппе, Лионель Месси және Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында өнер көрсете бастайды. astana24.com 17 маусымдағы матчтар кестесін ұсынады.
Қазақстан уақыты бойынша сәрсенбі, 17 маусымда, I және J топтарындағы бірінші тур матчтары өтеді. Турнирдегі ойынын K тобының өкілдері де бастайды.
Қазақстан уақыты бойынша 17 маусымға арналған матчтар кестесі:
00:00 (16-нан 17 маусымға қараған түні). Франция – Сенегал. I тобы, "Метлайф"стадионы, Ист-Ратерфорд
03:00. Ирак – Норвегия. I тобы, "Джилетт" стадионы, Фоксборо
06:00. Аргентина – Алжир. J тобы, "Эрроухед" стадионы, Канзас-Сити
09:00. Австрия – Иордания. J тобы, "Ливайс" стадионы, Санта-Клара
22:00. Португалия – Конго Демократиялық Республикасы. K тобы, "Эн-Ар-Джи" стадионы, Хьюстон
Матчтардың бәрі Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына сілтеме арқылы көруге болады.
