in

Франция құрамасы Дембеленің хет-тригінің арқасында Норвегияны ойсырата ұтты

Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында өткен матчта Норвегия командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды astana24.com.

І тобындағы қорытынды үшінші тур ойыны АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы "Джиллетт" стадионында өтіп, 4:1 есебімен аяқталды.

Франция құрамасы сапында шабуылшы Усман Дембеле хет-трик жасады (7, 20 және 32- минуттарда). Тағы бір голды оның шабуылдағы әріптесі Дезире Дуэ соқты (90+4 минутта).

Нәтижелі пас бергендер: шабуылшы Килиан Мбаппе (екі), жартылай қорғаушы Орельен Тчуамени және вингер Брэдли Барколя (бір-бірден).

Норвегия құрамасының жалғыз голын жартылай қорғаушы Тело Осгор (21-минутта) соқты, оған вингер Андреас Шельдеруп нәтижелі пас берді. Сондай-ақ команда шабуылшысы Йорген Странн Ларсен пенальтиді орындай алмады (50-минутта), оның соққысын қақпашы Майк Меньян қайтарды.

Нәтижесінде француз футболшылары максималды 9 ұпай жинап, топ жеңімпазы атанды. Олардың 1/16 финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Ал норвегиялықтар алты ұпаймен плей-офф кезеңіне жолдама алды – олар алғашқы матчта Кот-д’Ивуар құрамасымен кездеседі.