Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында өнер көрсететін Қазақстан әйелдер құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды astana24.com.
46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 15-27 қыркүйек аралығында Самарқандта өтеді.
Бұл додада Қазақстан намысын Бибісара Асаубаева (ересектер арасындағы әлемдік рейтингте 5-орын), Алуа Нұрман (жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 2-орын), Меруерт Қамалиденова (жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 4-орын), Эльназ Қалиахмет (жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 22-орын) және Зарина Нұрғалиева (жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 23-орын) қорғайды.
Қатысушылардың рейтингіне сәйкес, Қазақстан әйелдер құрамасы алдағы турнирде төртінші реттік нөмірге ие болды.
