in

Қазақстан байдарка мен каноеде есуден Минскіде өткен қола медаль еншіледі

Минск қаласында (Беларусь) байдарка мен каноеде есуден халықаралық «Мықтылар кубогы» турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды.

500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Жалпы жарысқа тоғыз елдің спортшылары қатысты.