in

Қазақстан әлем біріншілігінің үшінші күнінде де жүлдесіз қалды

Дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Есет Қуанов жарысты аяқтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, оның алғашқы қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада ойындарында аралас командалар жарысында алтын, жекелей сайыста күміс жүлде алған француз Жоан-Бенжамен Габа болды.

Бұл кездесуде француз Есетті мерзімінен бұрын жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге бір медаль бар. Оны 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова жеңіп алған болатын. Ол әлем чемпионатында екінші орын иеленді.

16 маусымда татамиге Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) мен Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) шығады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз