in

Қазақстандық волейболшылар Иран құрамасын жеңді

Волейболдан Вьетнамның Ханой қаласында өтіп жатқан Орталық Азия ұлттар кубогы аясында Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.

Кезекті турда қазақстандықтар Иран құрамасымен жолықты.

Матч 3:1 есебімен аяқталды (25:14, 25:18, 22:25, 26:24).

Осылайша, ұлттық құраманың еншісінде төрт кездесуде төрт жеңіс бар. Ұлттық құрама B тобында көш бастап келеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.