Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының спортшысы Валерий Рахымжан Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын сәтті қорғады.
Финалда Рахымжан 241.9 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.
Аталған бағдарлама түрі бойынша әлем кубогының жеңімпазы – қытайлық Ху Кай (242.3 ұпай). Үшінші орын неміс спортшысы Кристиан Рейтцке бұйырды (220.8 ұпай).
Айта кетейік, Валерий Рахымжан іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, финалға шыққан болатын.