in

Қазақстандық триатлоншы Арлан Жаңабай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Триатлоншы Арлан Жаңабай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды astana24.com.

Триатлон сайысы жүзу (750 м), веложарыс (20 км) және жүгіру (5 км) кезеңдерінен тұрды. Жаңабай бұл қашықтықты жалпы есеппен 53 минут 11 секундта бағындырып, үшінші орынға ие болды.

Жарыс жеңімпазы – жапониялық Такуми Ходзо (52:56). Күміс медальді қытайлық Сижуй Чжан (53:05) иеленді. Тағы бір қазақстандық Аян Бейсенбаев тоғызыншы болып мәреге жетті (54:56).

Ал әйелдер арасындағы жарыста Диана Ержанова 17-нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Арлан Жаңабай сыйлаған қола жүлде – ұлттық құраманың Азия ойындары-2026 бәсекесіндегі алғашқы медалі. Спортшының өзі мұндай деңгейдегі жарыста алғаш рет бақ сынап отыр.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы медальдары сарапқа салынған күні ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын түсті. Велошабандоз Рината Сұлтанова Азия ойындарының чемпионы атанды.