in

«Қайрат» «Реал Мадридпен» өтетін матч билеттерінің сатылымына қатысты мәлімдеме берді

«Қайрат»   футбол командасы билет сатылымына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды.

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Реал Мадрид» командасымен өтетін ойынға билеттердің сатылуы немесе алдын ала брондалуы туралы әлеуметтік желілерде тараған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады. 

Клубтың мәліметінше, жанкүйерлер билетке қатысты кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздерден, клубтың интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуы тиіс.

Қазіргі уақытта билеттердің сатылымға шығатын күні мен олардың бағасы бекітілмеген. Осыған орай, клуб басшылығы жанкүйерлерді бөгде хабарландыруларға сенбеуге және билеттерді бейресми жолдармен сатып алудан аулақ болуға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.