Алматыда студент-спортшыларға ректор гранты табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа ректор грантын салтанатты түрде табыс етті.
Арнайы кездесу барысында грант иегерлеріне сертификат табысталды. Академия басшылығы бұл бастама жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келетінін атап өтті.
Академия өкілдері өз сөзінде спортта да, оқуда да тамаша нәтиже көрсеткен студенттерге әрқашан жан-жақты қолдау көрсетілетінін және бұл тәжірибе жалғасатынын атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
