in

Қос алтын: Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан үш медаль жеңіп алды

Жарыс аясында жасөспірімдер арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, екі қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпайға ие болды. Үздік үштікті жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен түйіндеді.

Сондай-ақ Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуларда ең үздік нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпайға ие болды.

Айта кетейік, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.