in

Әбиба Әбужақынова қуанышты жаңалығын жеткізді

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеке спорттық клубын ашатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осылайша спортшы енді бапкерлікті де қолға алмақ.

«Жуырда «Әбиба» дзюдо клубы ашылады. Менің клубымның жаттықтырушысы Асылбек Шаханов және өзім боламын. Оқу-жаттығуларымның көбі Астана қаласында өтетіндіктен, жиі барып тұрамын. Өз оқушыларыма тәжірибелеріммен бөлісіп, білгенімнің бәрін үйретемін. Олардың чемпион болуына бар күшімді саламын. 6-17 жастағы қыз-ұл балаларды қабылдаймыз», –  дейді Әбиба Әбужақынова instagram парақшасында.

Әбиба Әбужақынова – әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2 дүркін қола жүлдегері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.