Бокстан әлем чемпионы Айбек Оралбай отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Спортшы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында әйелі де спортшы екенін атап өтті. Алайда үйленбес бұрын әйеліне талап қойғанын жасырмады.
“2022 жылы ата-анамыз “Үйлен, немере көрейік” деп айта бастады. Қатарластарының бәрінің немересі бар. Өзімнің де ол кезде үйленемін деп жүрген қызым бар еді. Қазір әйелім ғой. Ол кісі дзюдошы болған. Екеуміз 2016 жылы Якутияда жарысқа барған кезде таныстық. Балаларға арналған жарысқа қатыстық. Ол кезде кіштаймыз, 16 жастамыз. 4 жарым сағаттық рейсте таныстық. 2020 жылы айттым “дзюдоны қоясың, менің саған деген ойым – үйлену” деп. Ол мені тыңдады, көнді. Қазір енді ана болып отыр ғой. Бір баланың анасы, – деді әлем чемпионы.
Айбек Оралбай болашақта баласын боксқа емес, дзюдоға беретінін айтты.
Айта кетейік, жақында Англияда өткен әлем чемпионатының финалында отандасымыз өзбек спортшысынан айласын асырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.