in

Әлем чемпионаты: Аида Әбікеева Оңтүстік Корея боксшысын жеңді

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Оңтүстік Корея елінің өкілі Кан Сок Енмен жұдырықтасты.

ҚР ҰОК мәліметінше, алғашқы үш минуттықта бірнеше соққыны жіберіп алған оңстүстіккореялық боксшы келесі раундтарда Аиданың осал тұсын таба алмады. Нәтижесінде Аида Әбікеева төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.