in

Әлем чемпионаты: Сабыржан Аққалықов қарсыласын сұлатып салды

Дубайда бокстан IBA ұйымдастырып жатқан әлем біріншілігі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының ширек финалында Мирослава Капулер-Ищенконы (Израиль) мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда отандасымыз өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоевпен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.