in

Алаяқтар қазақстандықтардың банк картасындағы қаражатын балалар арқылы қалай ұрлайды

Алаяқтар жазда балалардың желіде уақытты көбірек өткізетінін пайдаланады. Олар таныстарының атынан жалған хабарламалар жазып, "сыйлықтар" ұсынады және онлайн-ойындарды қолданады. Толығырақ astana24.com сайтынан оқыңыз.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, жазғы демалыс кезінде балалар интернет-алаяқтардың нысанасына айналады. Оқушылардың желіде көп уақыт өткізетінін пайдаланып, қаскүнемдер ата-аналардың жеке деректері мен ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін түрлі алдау схемаларын қолданады.

Қазіргі алаяқтар мобильді ойындарды, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және бейне платформаларды белсенді пайдаланады, балаларға тегін бонустар, ойынға арналған заттар, сыйлықтар, конкурстарға қатысуды немесе оңай табыс көзін ұсынады. Мұндай әрекеттердің басты мақсаты – банк деректеріне, аккаунттарға немесе құрылғыларға қол жеткізу.

Ең көп тараған алаяқтық схемалар:

Баланың смартфоны ата-аналардың банк қосымшаларымен немесе төлем қызметтерімен байланысты болса, бұл ерекше қауіп төндіреді. Құрылғы зиянды бағдарламаны жүктеген жағдайда, алаяқтар қаржылық ақпарат пен ақшалай қаражатқа қол жеткізе алады.

Тәуекелдерді азайту үшін агенттік ата-аналарға мынадай кеңес береді:

Желіде күмәнді хабар, қоңырау немесе ұсыныс алған кезде баланың ата-анадан дереу көмек сұрау керек екенін білуі маңызды.

Цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру балаларды алаяқтықтан қорғауға және бүкіл отбасы үшін қаржылық шығындар қаупін азайтуға көмектеседі.