in

Ақмола облысындағы индустриялық аймаққа 1,1 триллион теңге инвестиция тартылды

Ақмола облысында республикалық маңызы бар AQMOLA  индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауданы 1 мың гектарға жуық индустриялық аймақ елордаға жақын орналасқан. Бұл – жаңа зауыттар мен өндіріс ошақтарын ашуға қолайлы барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ.

Қазіргі таңда мұнда жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеден асатын инвестицияға ие жеті жоба жүзеге асырыла бастады. Инвесторлар географиясы Қытай, Түркия, Сингапур және Қазақстан елдерін қамтиды. Жобалар аясында 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.