Қазақстанда 2026 жылы зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жаңа ең төменгі жеткіліктілік шегі белгілі болды, деп хабарлайды astana24.com БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.
БЖЗҚ сайтында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін 2026 жылға арналған жаңа ең төменгі жеткіліктілік шегі зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін айқындаудың өзгертілген әдістемесіне сәйкес есептелгені нақтыланды.
Жаңа жеткіліктілік шектері:
Еске салсақ, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Астанада өткен форум аясында БЗЖҚ-дан қаражат алудың жеткіліктілік шегіне қатысты мәлімдеме жасап, зейнетақы жинақтарын алудың жеткіліктілік шегі міндетті түрде арттырылатынын айтқан еді.
Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай сенат кулуарында еліміздегі зейнетақы индексациясы туралы айтқан болатын.
